ӘлеуметҚоғам

«ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын.
Бұл жұмыстарға барша тұрғындарды тарту маңызды екенін атап өтті.
Осы орайда республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Бұл акцияның әр аптасы арнайы тақырыптық тұрғыда өткізілетін болады, атап айтқанда:
— 1 апта (6-13 сәуір) «Таза өлке»;
— 2 апта (13-20 сәуір) «Киелі мекен»;
— 3 апта (20-27 сәуір) «Жасыл аймақ»;
— 4 апта (27-4 мамыр) «Өнегелі ұрпақ»;
— 5 апта (4-11 мамыр) «Мөлдір бұлақ».
Қазіргі таңда аудан көлемінде бұл акция басталып кетті. Әрине, табиғатты аялау, тазалықты сақтау – баршамыздың ортақ борышымыз.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Осыған орай аудандық “AMANAT” партиясының филиал қызметкерлері мен “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары П.Тұрсынбаев, облыстық маслихаттың депутаты, фракция мүшесі Ж.Абдибаев
бекітілген аумақта сенбілік жұмыстарына қатысты.
Сенбілік барысында ағаш бұтақтары реттелді, лотоктар қоқыстан тазартылды, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
“AMANAT” партиясы барлық қала,елді мекен тұрғындары мен аудан аумағында орналасқан мекеме қызметкерлерін акцияға жаппай қатысуға шақырады!
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы

Таза Қазақстан акциясы жалғасуда

Алдыңғы

Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *