Аудандық партия филиалының төрағасы Әділхан Асауов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мамырайым Шылмырзаев, аудандық маслихат депутаттары Олжас Каныбеков. Askar Kainazarov, Жанторе Нурмухамедов, Алладин Мырзаханов, Бекет Дильдабаев және партиялық бақылау комиссия мүшелері Гүлмира Сауырбаева, Ospan Asanov 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан Ынтымақ ауылдық округі Ақниет ауылындағы 600 орындық және Асықата кентіндегі 900 орындық “Жайлы мектеп” құрылыстарына партиялық бақылау жүргізді. Мектеп құрылысына партиялық бекет құрылған.
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округі, Ақниет ауылындағы, Жайлы 600 орындық мектеп құрылысы бойынша: Тапсырыс беруші: АО «Samruk – Kazyna
Construction» Аширбаев Сакен Даутбекович
Мердігер мекеме: « Таймас Company» ЖШС
Бас жобалаушы: «Жоба» ЖШС
Нысан құрылысы басталуы: 1 желтоқсан 2023 ж
Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың қыркүйек айы.
Нысан бойынша 100 құрылысшы жұмысқа тартылған, құрылыс материалдары, қаражаты жеткілікті.
Бүгінгі күнге жалпы жұмыс көлемінің 40% атқарылған.
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кентіндегі 900 білім алушыға арналған мектеп құрылысы бойынша: Тапсырыс беруші: «Samruk Kazyna Construction» АҚ
Мердігер мекеме: «Нурі-Л-Жетісай» ЖШС
Бас жобалаушы: «Сурет» ӨК
Нысанның басталуы: 17 қараша 2023 ж
Аяқталуы: 17 қыркүйек 2024 ж.
Нысан бойынша 120 құрылысшы жұмысқа тартылған, құрылыс материалдары, қаражаты жеткілікті.
Мердігерлермен пікірлесіп, оларға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы тапсырылуы керек екендігі ескертілді.
Партиялық бекет өз жұмыстарын әрмен қарай жалғастыратын болады.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы
Comments