ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ. (-1-)

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Жұмабеков Ахмет Абдраманұлы партия филиалының 2023 жылы атқарылған жұмыстары және 2024 жылға алға қойған мақсаттар бойынша жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Филиал төрағасы хабарламасында аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау бойынша 2023 жылы 166 қабылдау өтіп 577 адам қабылданып, 341 мәселе оң шешімін тауып, 236 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Биылғы жыл басынан 45 қабылдау өтіп 185 адам қабылданып, 22 мәселе оң шешімін тауып, 163 азаматқа түсіндірме берілген.
Сонымен қатар, былтырғы жылғыдай аудандық филиалдың ұйымдастыруымен кестеге сәйкес прокуратура, аудандық полция бөлімі және аудандық дербес бөлімдердің мобильді қоғамдық қабылдауы, фракция депутаттарының көшпелі отырыстары ауылдық округтерде өткізу жалғасын табатындығын атап өтті.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешанқұлов, Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы, Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, кәсіби медиаторлар, жеке сот орындаушылар мен жеке адвокаттар, жеке нотариустар өтінішпен келген азаматтарға жүйелі түрде кестеге сәйкес қабылдау өткізіп отырады.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында былтырғы жылы Абай ауылы мен барлық ауылдық округтер тұрғындарына өз қаражаттарын игеру арқылы қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды. Биылғы жылы да, ел Президент Қ.К.Тоқаевтың осы жобаны қолдап әкімдерге берген тапсырмасына сәйкес, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы семинар әрбір ауылдық округтерде өткізілуде…

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ӨТІНІШТІ ОРЫНДАДЫ.

Алдыңғы

АРЫСТА «ТОЛАҒАЙ – 2024» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *