ӘлеуметҚоғам

АРЫСТА «ТОЛАҒАЙ – 2024» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «С.Қожанов» бастауыш партия ұйымының базасында «ТОЛАҒАЙ – 2024» отбасылық сайысы өткізілді.
Жас отбасылар арасында өткен шараға қалалық партия филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты қолдау білдіріп, атсалысты.
Партиялық жобаларды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы азаматтардың спортқа қызығушылығын арттыруды мақсат еткен іс-шарада қала және оған қарасты ауылдық округтерден құралған 6 отбасы төрт кезең бойынша сайысқа түсті.
Қызықты, тартысты өткен шара мәресіне жетіп бақ шауып оза шыққандар марапатталды. “AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, «Жастар Рухы» жастар қанатының жетекшісі Мөлдір Сарыпбекова спорттық жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орындарға ие болған «Өтелбековтер», «Кадировтар» және «Барат» отбасына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар сайысқа белсене қатысқаны үшін «Орынбековтер», «Игеновтер» және «Полатбековтер» отбасына «АMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының арнайы алғыс хаты мен ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.
Алдағы уақытта да партия филиалының қолдауымен мұндай спорттық бәсекелер мен сайыстар жалғасын табады.
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ. (-1-)

Алдыңғы

«AMANAT»-ТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *