ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН КЕЛЕС: «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Елімізде «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығы ұйымдастырылуда. Осыған орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мамандары мен «Jastar ruxy» еріктілері Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесінің бойында арам шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

АРЫСТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА АУЫЛ ОКРУГТЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Алдыңғы

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *