Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерге қайта кредит беру кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8,0 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ микрокредиттің ең жоғары мерзімінің 1/2 бөлігінен ерте емес;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды;
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды;
6) микрокредиттеуге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу.
«AMANAT»-тың басты міндеттерінің бірі – қайтарылған жердің халық арасында әділ бөлінуіне бақылауды қамтамасыз ету, жер қатынастары мәселесінде заңдылық пен әділдікті қайтару. Осы орайда есепті кезеңде аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының барлығы 6 отырысы өтті, оның 5-еуі көшпелі форматта ұйымдастырылды. Комиссиясы отырыстарының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға 8 ұсыныс жолданып, оның барлығы шешімін тапты. Сондай-ақ биыл азаматтардан аймақтық комиссияға 21 өтініш келіп түсіп, оның барлығы бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Comments