ӘлеуметҚоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІ КҮНІ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІНІҢ АЙҚЫН БЕЙНЕСІ,БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ,ТҰРАҚТЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕ! (-1-)

Президентіміз елдегі бейбітшілік пен келісімнің негізіне халықтың санасына тереңнен тамырлаған достық дәстүрімен өзара келісім жатқанын ерекше атады.
«Біздің қоғам – ортақ идеалдар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтардың одағы. Бұл – жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде азаматтарымыздың барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде, қазақ ұлтының мүшесі сезінеді. Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз.
Біздің паспорт адамға этникалық тегіне, діни көзқарастарына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты құқықтар мен міндеттердің толық көлемін береді. Біздің төлқұжатымызға ие болу әрқашан және барлық жерде өз мемлекетіміздің қорғауында болуды білдіреді», — деді Мемлекет басшысы.«AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасында «Бейбітшілік, келісім, бірлік – мемлекетіміздің негізі» деп жазылған.
2023 – 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында дәстүрлі рухани принциптерді сақтау, мемлекеттік және ана тілдерін дамытуға ерекше назар бөлінген.
Сайлау алды бағдарламасында мемлекеттің бүтіндігі мен бірлігі – азаматтық қоғамның қалыптасқандығы және негізінің болуы екендігі аталып өткен. Партия қазақстандықтардың ұлтына, сеніміне, тіліне, жынысына немесе материалдық жағдайына қарамастан олардың барлығының құқықтары мен қызығушылықтарын ескереді.
Ұлттың рухани бірлігінің негізі – қашан да қолдауды қажет ететін дамыған мәдениетте…

БІРЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАДЫ

Алдыңғы

ЕГІЛГЕН ТАЛ-ТЕРЕК БАҚЫЛАНУЫ КЕРЕК (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *