«Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алғаны белгілі. Жобаның басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.
«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Сонымен бірге, жобаны елге насихаттап, халықты бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстырып, жобаның тиімді жүзеге асуына атсалысып келеді.
Бүгінде осынау жоба қарқынды жүзеге асырылып отыр. Төлеби аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Қансейітов Қуанышбек Үсіпәліұлы аудандағы «Ауыл аманаты» жобасының шарапатын көрген шаруалардың жай-күйімен таныстысып қайтты. Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Қаратөбе елдімекенінің Сейітбеката 11 үйдің тұрғыны , «Аршалы» мектебінің шаруашылық меңгерушісі, 6 ұл-қыздың әкесі Алімқұлов Мақсұт Айтбекұлы елге жасалынып жатқан жақсылықтың шарапатына кенеліп Жамбыл облысы Байзақ ауданынан отбасына тиесілі 4 млн.теңге қаржыға 500 мың теңгеден 8 бас жылқы алып,мал басын көбейту бағытында шаруасын дөңгелетіп отыр. Отбасында 9 жан, өмірлік жұбайы Сабденбекова Ұлбосын Батиханқызы шаруасына көмектесуде. Ұлбосын » Күміс алқа иегері. Мақсұт Айтбекұлы
«AMANAT» партиясының бастамасына рахметін айтып,ризашылығын білдіруде.
«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы
Comments