ӘлеуметҚоғам

КӘСІП БОЛМАЙ, НӘСІП БОЛМАС (-1-)

«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалынның депутаттық фракциясының отырысы болды. Оған филиалдың атқарушы хатшысы Қансеитов Қуанышбек Үсіпәліұлы, фракция төрағасы Жабаев Ерболат Көшербайұлы, фракция мүшелері аудандық мәслихаттың депутаттары мен кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Раиымбеков Асхат Сайлаубекұлы , аудандық маңсап орталығының басшысы Жамалбеков Алимхан Кенжебекұлы қатысты. Фракция жетекшісі Жабаев Ерболат Көшербайұлы төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
«Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасы 2023-2027 жылдарға арналға жол карталардағы индикаторларының орындалуы,бизнесті қолдау және дамыту бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Сайлаубекұлының мәлімдеуінше
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша келесі инвестициялық жобалар қолдау алып, жұмыс атқаруда:
1. Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде «KAZPLAST» ЖШС-нің Леңгір қ. 1,12 га жер телімінде жаңа тігін фабрикасын салу (арнайы жұмыс киімдер тігу) жобасымен бүгінге құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жобаның қуаттылығы – жылына 90 мың қыстық немесе 150 мың жаздық арнайы жұмыс киімдерді тігу. 2023 жылдың қазан айында өткен Өңірлік Үйлестіру Кеңесте «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құны 43,0 млн тг құрайтын тігін фабрикасына қажетті сыртқы инженерлік инфрақұрылымдарды тарту жобасы қарастырылып, мақұлданды. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың шілде айы.
2. Киелітас а/о «Monotrans» ЖШС-ның «Төлеби ауданында логистикалық орталық салу және пайдалану және жүк тасымалын жүзеге асыру» жобасын инвестициялық жоба деп айқындау және жобаға қажетті 20,0 га жер учаскесін бөлу үшін Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің қарауына жолданып, ірі инвестициялық жоба болып мақұлданды…

«АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» ШАРАПАТЫН КӨРГЕН ШАРУАЛАР КӨП

Алдыңғы

КӘСІП БОЛМАЙ, НӘСІП БОЛМАС (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *