ӘлеуметҚоғам

«AMANAT»-ТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұжымы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділерімен бірге «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңына 100 түп ағаш көшеттерін отырғызды.
Еліміздің барлық өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экоакциясы жүріп жатқаны белгілі. Қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған қоғамдық игілікті іске өңіріміздің әрбір тұрғыны үлес қосып жатыр. Кесене маңына тал егу шарасына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және партияластар мен жас белсенділер қатысты. Осынау игілікке іске бастамашыл болған филиал төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы барша түркістандық ағайынды елдің бірлігін білдіретін «Таза Қазақстан» акциясына біркісідей атсалысуға шақырды.
Қазақстанның түкпір түкпірінде кеңінен қолдау тауып, қызу жүріп жатқан акцияның жүзеге асуына партияластар, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері де белсене атсалысуда. «Киелі мекен» апталығы аясында өңірдегі киелі жерлер мен тарихи-мәдени ескерткіштер, өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылып, көгалдандырылып жатыр.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

АРЫСТА «ТОЛАҒАЙ – 2024» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *