ӘлеуметҚоғам

СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА (-1-)

«AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында өмір сапасын арттыруды қолдауға ерекше басымдық берілген. Оның ішінде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі нақты міндеттер партияның Сайлауалды бағдарламасында да кеңінен қамтылған. Партияның Түркістан облыстық филиалы бекіткен Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасында Түркістан қаласындағы А.Нұрмаханов атындағы олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін қайта құру және 320 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстарының биыл пайдалануға берілуі керектігі көрсетілген. Орындалуы партиялық бақылауда тұрған мәселенің нақтылы іске асырылуы партиялық құрылымдардың, мәслихаттардағы партия фракцияларының, партияның саяси ұстанымы аясына біріккен жалпы қоғамдастықтың назарында.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев партия бақылауында тұрған А.Нұрмаханов атындағы олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы барысымен танысты. Бүгінде құрылыстың 70 пайызы аяқталған спорт мектебінің жобалық құны 3,1 млрд, теңгені құрайды. Облыс үшін маңызды нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. Жоспар бойынша 2022 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда, облыстық бюджеттің мүмкіндігінің жетпеуіне байланысты құрылысқа қажетті қаржы толықтай бөлінбей қалған. Құрылыс материалдары нарығындағы ахуал ескеріле отырып, құрылыс сметасына түзетулер енгізілді. Спорт мектебі биыл 1 шілдеде балалар игілігіне берілмек. Бұл туралы мердігер ұйым – «Стройсервис — 7» ЖШС-нің жетекшісі Ербол Исламов құрылыс жұмыстарының барысын таныстыру кезінде атап өтті…

СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *