ӘлеуметҚоғам

СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА (-2-)

Құрылыс материалдары толығымен қазақстандық материалдардан тұрады. Мердігер мекеме ішке қажетті спорттық жабдықтардың барлығымен қатамасыз етуді мойнына алған.
Заманауи үлгіде барлық талапқа сай салынып жатқан олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 3 қабаттан тұрады. Үлкен 3 спорт зал, 3 жаттығу залы бар. Үлкен спорт залдың бірі 320 көрермен отыруға ыңғайластырылған. Орындықтар электронды түрде авоматтандырылып жиналып, қайта құрылады. Спорттың ауыр атлетика, таэквондо, күрес, бокс және каратэ түрлері бойынша олимпиада жеңімпаздарын даярлайтын спорт мектебіне үміт мол. Алтынсары Дүйсенбекұлы осынау нысанның ішкі дизайынымен, техникалық жағдайымен танысып, жұмысшы контингенттің жұмылдырылуы, құрылыс материалдарының сапасы, оның ішінде отандық өнімнің үлесі, спорттық инвентармен қамтылуы жайын назарға алды. Құрылыс біткенде осындай әдемі барлық жағдайы жасалған спорт мекебінен талай болашақ олимпиада жеңімпаздарының, яғни Бекзат Саттархановтың ізбасарлары шығатынына сенім білдірді.
Болашақ чемпиондарды әлемдік жарыстарға даярлайтын нысанның құрылысына партия тарапынан бақылау жүргізіліп келеді. Партиялық бақылау бекетінің қызметі жөнінде атап өткен Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Бегахмет Әбусейітов құрылыс барысындағы өндірістік кестенің сақталуы, техникалардың дайындығы партиялық бақылауға алынғанын жеткізді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА (-1-)

Алдыңғы

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *