Кентау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары атқарылуда. Аталмыш акция асында 200 жас қаладағы демалыс аумақтары мен саябақтарға тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала аумағынан 30 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, ағаштар әктелген.
Сонымен қатар, саябақтардағы орындықтар әрленіп, жарықшамдар ретке келтірілуде. Одан бөлек, жасыл желектерге қоршаулар орнатылып, ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызылып жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments