АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарЖастар саясаты

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік «Longshuntai» компаниясының өкілімен кездесті. Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Инвестор Арыс қаласында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіруді көздеп отыр. Дәлірек айтсақ, қызанақ кластерін дамытуды қолға алмақ. Ол инфақұрлымы дайын, бірақ қазір жұмысы тоқтап тұрған шаруашылықтардың бірін қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге жүгері өсіруге де ниетті.
Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова инвестордың әлеуеті мен жоспарына тоқталып, әріптестік оң нәтиже береріне сенім білдірді. Екі тарап жобалар бойынша терең талдау жасап, зерделеу нәтижесі дұрыс шықса, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—-
ТУРКЕСТАН: ПРОВЕДЕНЫ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНОСТРАННЫМ ИНВЕСТОРОМ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ ВАЖНЫХ ПРОЕКТОВ
Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды встретился с представителем зарубежной компании «Longshuntai». В ходе встречи были рассмотрены вопросы партнерства и реализации новых проектов.
Инвестор намерен производить плодоовощную продукцию по капельному орошению в городе Арысь. Это будет томатный кластер. Предприниматель готов финансировать одно из хозяйств, где налажена инфраструктура, но работа объекта приостановлена. Также инвестор намерен выращивать кукурузу.
На встрече аким города Арысь Гульжан Курманбекова рассказала о потенциале и выразила уверенность в положительном результате партнерства. Обе стороны договорились провести углубленный анализ проектов и работать вместе, если результат изучения устроит обе стороны.
Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 ЖЫЛДА АУЫЗ СУ, ГАЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 500-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *