ЖаңалықтарЗаң

«Әділдік жолы» қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын бастады

«Әділдік жолы» қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын бастады

 Бүгіннен бастап «Әділдік жолы» РҚБ еліміздің барлық өңірлерінде заң бұзушылықтарды алдын алып, қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын іске қосты.

 Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік ортасын қалыптастыру және де осы процесске ел азаматтарын жаппай тарту.

 Бұл жоба Мемлекет басшысы атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру мен қоғамдағы Заң және құқықтық тәртіп үстемдігін қалыптастырудағы нақты қадамдардың бірі болмақ.

 «Біз құқық бұзушылық жасау, пара беру немесе әлсізге қолын көтеру туралы ойдың өзін айыптайтын қоғамға айналуымыз керек.

Бұл қиын жұмыс, бірақ бұл жолды еңсеруіміз қажет.  «Әділдік жолы» командасы 2 жыл бойы белсенді жұмыс істеп, қоғамда құқықтық сауаттылық бойынша олқылықтар бар екеніне көз жеткізді. Осы уақыт аралығында adildik.kz сайты мен 1463 байланыс орталығына түскен 8 мыңға жуық азаматтың өтінішін қарастыра келе, халықтың Заң мен Ереже туралы білімдерін арттыру арқылы көп мәселелерді қылмысқа апармай шешуге болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов.

 Атап айтқанда, «Әділдік жолы» бірлестігінің жұмысының арқасында 1206 тұлға түрлі заң бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп, 800 млн. теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылып, 76 қылмыстық іс қозғалған.

 «Заң үстемдігі» жобасына ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Әрбір тұрғын сыбайлас жемқорлық фактілері  (кез келген саладағы)  мен басқа да мәселелерін 1463 Call-орталығы немесе Adildik.kz сайты арқылы хабарлап, өз сауалдары бойынша құқықтық кеңестер мен көмек ала алады.

 «Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді атсалысуға шақырамыз. Әділетті Қазақстанды бізге ешкім дайын күйде алақанымызға салып бермейді: оны өзіміз құрамыз!» – деді Дидар Смағұлов.

 Анықтама үшін: «Әділдік жолы» РҚБ 2020 жылдың қарашасында құрылған. Мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында 15,1 млрд. теңгеге бағаны көтеру және заңнаманы бұзу бойынша 1000-ға жуық фактілер анықталған. Осы және өзге де фактілер бойынша 300-ден астам мемлекеттік орган басшылары мен басқа да тұлғаларға жалпы сомасы 264 миллион теңге айыппұл салынды. Заңды тұлғаларды қосқанда 626 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ұйғарым шығарылды. Құқықтық кеңес беру және сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында 900-ден астам ауылға сапарлар ұйымдастырылды.

 Ақпарат үшін:

 +7 702 254 21 85 Әсемгүл Абсадыққызы

   «Әділдік жолы» запустил проект «Заң Үстемдігі» по повышению правовой грамотности казахстанцев

 С сегодняшнего дня РОО «Әділдік жолы» во всех регионах страны запускает проект «Заң Үстемдігі» («Верховенство Закона») по повышению правовой грамотности казахстанцев с целью недопущения нарушений законов.

 Основная цель проекта – формирование в обществе атмосферы нулевой терпимости ко всем проявлениям коррупции и массовое вовлечение в этот процесс граждан страны.

 Данный проект призван стать одним из практических шагов в реализации озвученной Главой государства концепции «Адал азамат»  и установление в обществе Верховенства Закона и правопорядка.

 «Мы должны стать обществом, в котором даже мысль совершить правонарушение, дать взятку или поднять руку на слабого будет порицаема и преступна. Это сложная работа, но этот путь нужно пройти. Команда «Әділдік Жолы» активно проработав 2 года на деле убедилась, что у нас есть пробелы в правовой грамотности.

Рассмотрев за это время порядка 8000 обращений граждан на сайт adildik.kz и колл центр 1463, мы убеждены, что повысив знание населением Законов и правил можно снять ряд вопросов, не доводя их до преступлений», — подчеркнул исполнительный директор «Әділдік жолы» Дидар Смагулов.

 В частности, благодаря деятельности «Әділдік жолы» за различные нарушения к административной ответственности привлечено 1206 лиц, которые оплатили штрафов и вернули средства назад в бюджет на сумму более 800 млн. тенге, было возбуждено 76 уголовных дел.

 В проекте «Заң Үстемдігі» может принять участие любой гражданин РК. Каждый житель сможет сообщить о проблемах и фактах коррупции (в любой сфере) по номеру Call center 1463 либо через веб-сайт Adildik.kz, где получит правовые консультации и помощь по своим вопросам.

 «Приглашаем всех неравнодушных граждан принять активное участие в борьбе с коррупционерами. Справедливый Казахстан никто не принесет нам на блюдечке: мы построим его сами!», — призывает Дидар Смагулов.

 Справочно: РОО «Әділдік жолы» было создано в ноябре 2020 года. За период деятельности в рамках мониторинга государственных закупок установлено около 1000 фактов завышения цен и нарушений законодательства на сумму 15,1 млрд. тенге. По этим и другим фактам более 300 руководителей госорганов и других лиц были оштрафованы на общую сумму 264 млн. тенге, были привлечены к дисциплинарной ответственности и внесены предписания на 626 физических, в том числе юридических лиц. Для оказания юридических консультаций и выявления коррупционных кейсов организовано более 900 выездов в поселки.

 Для информации:

 +7 702 254 21 85 Әсемгүл Абсадыққызы

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ АЙҚЫН КӨРІНІС ТАБУДА

Алдыңғы

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *