Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА “ЖЫЛ АДАМЫ” АТАНДЫ

Астана қаласындағы Ұлттық музейде «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» атты республикалық байқауы өтті. Оған келестік кәсіпкер Ұлбосын Рүстемова қатысқан болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған азаматтар ел игілігі үшін атқарып жүрген еңбектерінің жемісін көріп, түрлі марапатқа ие болды. Солардың бірі – қоғам дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін Ұлбосын Рүстемова «Жаңа Қазақстанның Жыл адамы» ордені және І дәрежелі дипломмен марапатталып, байқау белгісін иеленді.
Ұлбосын Қаржауқызы бала кезден екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат бола тұра, өзінің маңдай тер, адал еңбегімен бірқатар жетістіктерге жеткен. Кәсіпкер атанып, жерлестерін жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, қайырымдылық шараларымен де тұрақты түрде айналысып келеді. Ол өңірдегі бірнеше кәсіпкерлермен бірлесіп аудан орталығынан тұрмысы төмен отбасыларына арналған әлеуметтік дүкен ашып, киім-кешекпен және басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен қамтыды. Бүгінгі таңда кәсіпкер тігін цехы, мейрамхана, мақта түту және жиһаз шығару кәсібімен айналысып, 50-ге жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЗ ЖЕТІ ЕЛ ЧЕМПИОНЫН ТӘРБИЕЛЕГЕН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНА ТҮСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *