Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫС ТАСТАЙТЫН ПОЛИГОН ОРЫНДАРЫН ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҮШІН ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Түркістан облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелер бойынша арнайы жиын өтті.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасының басшысы мен сала мамандары мен Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және экология департаментінің өкілдері қатысты. Онда Түркістан облысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондарды оңтайландыру, экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкес келтіру жөніндегі Жол картасының жобасы талқыланды.

Жол картасында қоқыс тастайтын полигон орындарын талапқа сәйкестендіру және полигондарды оңтайландыру жолымен қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев өз баяндамасында бүгінгі күні облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастауға 159 полигон орны белгіленгенін жеткізді. Алайда оның 70 % санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Сонымен қатар бей-берекет қоқыс орындары да басты назарда. Үстіміздегі жылы ғарыштық түсіріліммен облыста 414 бей-берекет қоқыс үйінділері анықталып, толығымен жойылғандығын мәлімдеді. Өткен жылы қоқыстарды қайта өңдеу үлесі бойынша меже толық орындалған. Биыл жылдық жоспар 23% жоспарланған. Жыл қорытындысымен аталған көрсеткішке қол жеткізіледі деп күтілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы жинақталған қатты тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиян екенін айтып, оны тұрғындардан жинау, тасымалдау және жою мәселесін тұрақты бақылауға алып, жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

————

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РАЗРАБОТАН ПРОЕКТ ДОРОЖНОЙ КАРТЫ ДЛЯ ПРИВЕДЕНИЯ МЕСТ СВАЛОК В СООТВЕТСТВИЕ С ТРЕБОВАНИЯМИ

В Туркестанской области прошло специальное совещание по актуальным вопросам в сфере обращения с твердыми бытовыми отходами. В нем приняли участие заместитель акима Туркестанской области Ермек Кенжеханулы, руководство областного управления природных ресурсов и регулирования природопользования, специалисты отрасли и представители департамента санитарно-эпидемиологического контроля и экологии Туркестанской области.

На встрече был обсужден проект дорожной карты по оптимизации полигонов твердых бытовых отходов, приведению их в соответствие с экологическими и санитарными нормами, формированию эффективной системы управления отходами путем приведения мест свалок в соответствие требованиям дорожной карты и оптимизации полигонов.

В своем докладе руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области Кайрат Абдуалиев отметил, что на сегодняшний день на территории области установлено 159 полигонов для утилизации ТБО. Однако 70% из них не соответствуют санитарным требованиям.

В центре внимания оказались и стихийные свалки. В этом году космическими съемками в области было выявлено и полностью ликвидировано 414 таких свалок. В прошлом году полностью выполнен рубеж по доле переработки мусора. В этом году план был запланирован на 23%. Ожидается, что по итогам года данный показатель будет достигнут.

Заместитель акима области Ермек Кенжеханулы отметил, что накопленные твердые бытовые отходы являются вредными для окружающей среды, поручил взять на постоянный контроль вопросы их сбора, транспортировки и утилизации от населения.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Сыйқырлы мереке – Жаңа жыл

Алдыңғы

АЛТЫ БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН АНА БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *