Биыл Түркістан облысында жалпы мемлекет есебінен 33 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы мектептердің 20-сы биыл пайдалануға берілсе, 13 мектеп келесі жылы тапсырылады. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыста 49 мың оқушыға шақталған 63 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осылайша, 2025-ші жылға дейін өңірде 96 білім ошағы бой көтереді. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.
Бүгін Жетісай қаласында білім ұясы қолданысқа берілді. Жетісай ауданына арнайы іссапармен барған өңір басшысы Дархан Сатыбалды Ш.Уәлиханов мектебінде болып, оқушылар мен ұстаздарды, жергілікті тұрғындармен жүздесті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына қолдау көрсету, мектеп тапшылығын жою жөнінде тапсырма берген болатын. Мінеки, бүгін осы жұмыстың бір нәтижесін көріп тұрсыздар. 300 орынға арналған жаңа мектеп толықтай заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Бұл жаңа мектеп қабырғасынан елімізге адал қызмет ететін білімді және өнегелі түлектер самғап ұшады деп сенемін. Баланың көрген–білгені жадында сақталып қалатыны белгілі. Жас баланы туғаннан айналасындағы әдемілікті көріп, сезіп, түсініп өсуге баулу, тәрбиелеу керек. Мұндай ортада өсіп, тәрбие алған жас ұрпақ болашақта да осы қасиеттерді бойына сіңіреді. Осы білім ұясынан Абайдай, Ыбырайдай ұлы тұлғалар шыға берсін! – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкіміне мектепке орнатылған турникетті таныстырды. Онда барлық оқушылар мен ұстаздар, техникалық қызметкерлердің мәліметі толық енгізіледі. Мектепке келгенде турникеттің экранына жақындаса, сканер арқылы мәліметі базада болса ғана турникет ашылады. Жалпы Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты 300 оқушыдан жоғары оқушысы бар 63 мектеп арнайы лицензиясы бар мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілсе, 700 оқушыдан жоғары 24 мектепке турникет орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бөлімге қарасты 72 мектепте дабыл батырмасы толық орнатылған.
Салтанатты лента қию рәсімінен кейін қонақтар мектепті аралап көрді. Сынып бөлмелерімен, ондағы оқу құралдарымен танысты. Стандартқа сай салынған спорт залында волейбол, баскетбол, үстел теннисі және футбол сынды спорт түрлерін дамытуға жағдай жасалғанын көрді.
Айта кетейік, Жетісай қаласындағы бұл мектептің құрылысы тоқтап, мердігер мекеменің салғырт ісі осыдан 2 жылға жуық уақыт бұрын сотқа өткен болатын. Кейін қайта өткізілген конкурстың нәтижесінде құрылысты «Таймас» компаниясы қолға алып, 2 ауысымда тынымсыз жұмыс жүргізген. Нәтижесінде, жоспарға сәйкес 2024 жылы тапсырылуы тиіс 300 орындық мектеп 9 айда қолданысқа беріліп отыр.
Жалпы құны 1,4 млрд. теңге болатын Ш.Уәлиханов мектебінде ІІІ тоқсаннан бастап 562 оқушы білім алады.
Ұзақ уақыт өзге мектептің ғимаратында білім алып келген Ш.Уәлиханов мектебінің оқушыларына соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған физика, химия, информатика, мултимедиялық және лингафондық кабинеттерде сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар мұнда спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы да бар.
Айта кетсек, бүгінде аудандағы жалпы білім беретін 84 мектептің 74-і мемлекеттік болса, 10-ы – жекеменшік. Білім ұяларындағы 45 526 оқушыға 5526 педагог білім беруде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—————-
В ЖЕТЫСАЙСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫЛАСЬ НОВАЯ ШКОЛА НА 300 МЕСТ
В этом году в Туркестанской области велось строительство 33 школ за счет государства. 20 из этих школ было запланировано ввести в эксплуатацию в этом году, а 13 школ — в следующем году. Кроме того, в рамках национального проекта «Комфортная школа» в 2023-2025 годах в области запланировано строительство 63 школ на 49 тысяч учащихся. Таким образом, до 2025 года в регионе будет построено 96 объектов образования. Это самый большой показатель в стране.
Сегодня в городе Жетысае ввели в эксплуатацию школу. Глава региона Дархан Сатыбалды, посетивший Жетысайский район, принял участие в церемонии открытия школы Ш. Уалиханова и поздравил учащихся, учителей, местных жителей.
— Поздравляю всех с Днем Независимости и наступающим Новым годом. В честь праздника сегодня в Жетысае мы вводим в эксплуатацию новую школу. Глава государства Касым-Жомарт Токаев дал поручение оказать поддержку сфере образования и ликвидировать дефицит школ. Сегодня вы видите один из результатов этой работы. Новая школа на 300 мест полностью оборудована современной материально-технической базой. Я надеюсь, что в стенах этой школы будут воспитываться высоконравственные люди, которые будут верно служить нашей стране. Известно, что то, что видел ребенок, остается в памяти. Детей нужно воспитывать, чувствовать их, понимать. Молодое поколение, выросшее и воспитанное в благоприятной среде, в дальнейшем будет проявлять благородные качества. От всей души поздравляю всех с открытием новой школы! Пусть из этого учреждения выйдут великие личности, такие как Абай и Ыбырай! — сказал Дархан Сатыбалды.
Акиму области презентовали установленный в школе турникет. В систему вносятся сведения всех учащихся, учителей и технических работников. Турникет открывается только в том случае, если его сканер распознал данные объекта, то есть если они находятся в его базе.
В целом, в Жетысайском районе специализированной службой охраны со специальной лицензией обеспечены 63 школы (подведомственные районному управлению образования) с более чем 300 учениками в каждой, в 24 школах с более чем 700 учениками в каждой работы по установке турникетов продолжаются. Кроме того, в 72 школах установлены тревожные кнопки.
После торжественной церемонии перерезания ленточки гости ознакомились с кабинетами и учебными пособиями. В спортивном зале созданы условия для развития таких видов спорта, как волейбол, баскетбол, настольный теннис и футбол.
Отметим, строительство этой школы было приостановлено, а дело в отношении халатного подрядчика было передано в суд почти два года назад. В результате проведенного в последующем повторного конкурса строительство продолжила компания «Таймас», которая вела кропотливую работу в две смены. В результате, согласно плану, школа на 300 мест, которая должна быть сдана в 2024 году, была построена за девять месяцев.
Общая стоимость школы — 1,4 млрд тенге. С третьей четверти в ней начнут обучаться 562 учащихся.
Для детей, которые долгое время обучались в здании другой школы, созданы все условия для получения качественного образования в кабинетах физики, химии, информатики, мултимедийном и лингафонном кабинетах, которые оснащены новейшими технологиями. Здесь также есть спортивный зал, лабораторные кабинеты и швейная мастерская.
Отметим, сегодня из 84 общеобразовательных школ района 74 являются государственными, 10 — частными. В районе 45 526 учащихся обучают 5526 педагогов.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments