Түркістан өңірінде инвестиция тарту, индустрияландыру жұмыстарына басымдық беріліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
– Биылғы 10 ай қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімі сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асты. Ал өнеркәсіп өнім көлемі есепті кезеңде 2%-ға артып, жалпы 758 млрд. теңгені құрады. Аймақта зауыттар салу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық берілген. Шетелдік ірі компаниялармен келіссөздер тұрақты өтіп жатыр. Таяу жылдары өңірде ірі кәсіпорындар жұмысын бастайды. Сол бағытта бар күш-жігерімізді саламыз, – деді Дархан Сатыбалды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші компаниялардың сұранысына сәйкес, Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу жоспарлауда. Жобаның инвестициялық құны 100 млрд. теңгені құрайды. 250 жаңа жұмыс орнын ашылады. Бүгінгі таңда, зауыт құрылысына қажетті жер учаскесі бөлінді. Компания тарапынан техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 30,2 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылып, 594 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінде 384 жаңа жұмыс орнымен жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңірде ірі жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд. теңгеге көбейту көзделуде. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылды (11 млрд. теңге, 384 жұмыс орны).
Облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі 1,4 есеге артып, 751 млрд. теңгеден асты. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 225,3 млн. АҚШ долларын құрады. Жалпы құны 3,3 трлн. теңгені құрайтын 194 инвестициялық жобалардың пулы қалыптасты. Олар 2023-2026 жылдар аралығында іске қосылып, 16 467 жұмыс орны ашылады деп межеленген. Биыл 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жыл басынан 39 жоба іске қосылды. 1230 жұмыс орны ашылды.
———
ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ ВХОДИТ В ЧИСЛО ЛИДЕРОВ ПО ПРИВЛЕЧЕНИЮ ИНВЕСТИЦИЙ
В Туркестанском регионе приоритетными являются привлечение инвестиций и индустриализация. Об этом в ходе отчета о социально-экономическом развитии области на площадке Службы центральных коммуникаций сообщил аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды.
– По итогам 10 месяцев этого года сохранен положительный рост социально-экономического развития области. Объем валового регионального продукта достиг трех триллионов тенге. Объем промышленной продукции за отчетный период увеличился на 2% и составил в общей сложности 758 млрд. тенге. В регионе приоритетными являются работы по строительству заводов, привлечению инвестиций. Проводятся переговоры с крупными зарубежными компаниями. В ближайшие годы в регионе начнут работу крупные предприятия. Мы приложим все усилия в этом направлении, – сказал Дархан Сатыбалды.
АО «НАК «Казатомпром» планирует построить завод по производству серной кислоты в Созакском районе в соответствии с запросами ураностроительных компаний. Инвестиционная стоимость проекта составляет 100 млрд. тенге. Будет создано 250 новых рабочих мест. На сегодняшний день выделен земельный участок, необходимый для строительства завода. Со стороны компании разрабатывается технико-экономическое обоснование.
Планируется реализация нескольких важных проектов, которые позволят развивать промышленный потенциал региона. Ожидается, что в обрабатывающей промышленности будет реализовано 20 проектов стоимостью 30,2 млрд. тенге и создано 594 рабочих места. Сегодня запущено 10 проектов на 11 млрд. тенге с 384 новыми рабочими местами. Работа в этом направлении будет продолжена. Собственные доходы за счет реализации крупных проектов в регионе в ближайшие пять лет составят дополнительно 100 млрд. тенге.
В обрабатывающей промышленности планировалось реализовать 20 проектов, на сегодняшний день запущено 10 (11 млрд тенге, 384 рабочих места).
Объем инвестиций в экономику области увеличился в 1,4 раза и составил 751 млрд. тенге. Объем прямых иностранных инвестиций достиг $225,3 млн.
Сформирован пул из 194 инвестиционных проектов общей стоимостью 3,3 трлн. тенге. Планируется, что они будут запущены в период с 2023 по 2026 годы и создадут 16 467 рабочих мест. В этом году запланирована реализация 51 инвестпроекта, с начала года запущено 39. Создано 1230 рабочих мест.
Comments