Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен олардың отбасылары арасында спорттық мереке өтті. Іс-шара бригаданың спорт кешенінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметтің бастамасымен және бөлім басшылығының қолдауымен өкізілді.
Спорт мерекесі әскери отбасылар арасында дене шынықтыру және спорттық жұмысты жандандыруға, отбасылық қатынастардағы құндылықтарды тәрбиелеуге, өзара көмек, достық және бірлік сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Мерекенің салтанатты ашылуы қатысулардың жиналып әнұранды орындауынан, қазылар алқасымен таныстырудан және бөлімнің әскери оркестрінің орындауындағы музыкалық жаттығудан басталды.
Аталған іс-шараға бөлім басшылығы, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты. Үш қатысушыдан тұратын 10 команда ең спорттық, тату және көңілді атақ үшін күресті. Денсаулық мерекесіне қатысушылардың барлығын бай бағдарлама күтіп тұрды.
Отбасылық-спорттық байқау 5 эстафеталық жарыстан тұрды, онда қатысушылар күш, ептілік және төзімділігін көрсетті. Сайыс барысында орындықтардан сырғанап өтіп доппен жасайтын жаттығулар, қаппен секіру және басқа да көптеген кедергілерден өту, қатысушылардың нағыз спорттық толқуын ашты.
Сайыскерлер атап өткендей, жарыс жақсы деңгейде ұйымдастырылды, барлық қатысушылар жақсы дайындық көрсетіп, байқау жеңімпаздары табанды күресте анықталды.
— Отбасылық қарым-қатынастарды дұрыс насихаттау, оның ішінде спорттық ойындарын ұйымдастыру және оған қатысу азаматтардың бірлігі, олардың ойларын оң бағытқа бағыттау факторларының бірі болып табылады, — деп атап өтті 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Жамал Оразбек.
Жалпы алғанда, ұйымдастырушылар ешкімді ұмытпай, барлығына грамоталар, медальдар мен сыйлықтар табыстады. Сайыс қорытындысы бойынша, танк батальонының Құттыбаевтар отбасы қарсыластарынан мықты болып шықты, екінші және үшінші орындарды барлау және медициналық роталарының Шәкір және Оспанов отбасылары өзара бөлісті.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Comments