ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

19 қазан – Құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы нығайып, 26 өрт сөндіру автокөлігімен толықты. Республикалық және облыстық бюджеттен сатып алынған жаңа өрт сөндіру техникаларын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салтанатты түрде табыстады.

Көкшетаудағы зауыттан арнайы тапсырыспен әкелінген жаңа өрт сөндіру көліктері заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Су тасымалдаушы көліктің құны 44 млн. теңге тұрады. Ерекшелігі – 400 метр қашықтықтан өрт сөндіру техникаларына су жеткізе алады. Сонымен бірге спутниктік байланыс жүйесіне қосылған арнайы көлік алынған. Ол кез келген аумақтан қоңырау мен бұйрықты қабылдай алады. Көліктермен бірге өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға қажетті киімдер, заманауи құрылғылар да тапсырылды.

Қауіптің бел ортасында жүрген азаматтарды құттықтап келген облыс әкімі құтқарушыларға алғыс айтты.

– Сіздердің әр күндеріңіз қауіпке толы. Соған қарамастан, осы жолды таңдап, адал қызмет етіп келе жатқан баршаңызға алғысымды білдіремін. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдері төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу бағытындағы міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Бұл ретте мемлекет тарапынан олардың материалдық-техникалық жарақтануын қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқарылуда. Бүгін пайдалануға беріліп отырған техникалар қызметтік міндеттеріңізді сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдіремін. Ел қауіпсіздігін сақтауда сіздердің қосар үлестеріңіз мол. Әрдайым абырой биігінде жүре беріңіздер! – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Қазіргі таңда Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінде 175 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, оның 94-і – негізгі өрт сөндіру автокөліктері. Сондай-ақ 14 арнайы, 67 көмекші автокөліктер бар. Соңғы бес жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайтуға бюджеттен 67 бірлік техника алынды. Облыстық бюджеттен 3 млрд. 537 млн. теңге бөлініп, департаменттің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Биыл «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы лизингі есебінен жергілікті бюджет есебінен 25 бірлік өрт сөндіру техникасы және республикалық бюджет есебінен 1 бірлік командалық-штабтық автокөлігі сатып алынды. Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді ойдағыдай жоюға және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Алдағы уақытта тек өрт сөндіру бөлімшелерінің ғана емес кәсіби құтқару қызметінің де жұмыс жағдайын жақсартуға, техникамен қамтамасыз етуге арналған жұмыстар бірлескен түрде жүргізіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

————-

ТУРКЕСТАНСКИМ СПАСАТЕЛЯМ ВРУЧИЛИ ПОЖАРНЫЕ МАШИНЫ

В преддверии празднования Дня спасателя (19 октября) материально-техническая база департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области укрепилась и пополнилась 26 пожарными автомобилями. Новую технику, приобретенную за счет республиканского и областного бюджетов, торжественно вручил аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды.

Новые пожарные машины, приобретенные по спецзаказу с завода в Кокшетау, полностью оснащены современным оборудованием. Стоимость одной единицы техники — 44 млн тенге. Особенность в том, что воду можно подавать с расстояния 400 метров. Также приобретен специальный транспорт, подключенный к системе спутниковой связи. Он может принимать звонки и приказы с любой территории. Вместе с транспортными средствами пожарным и спасателям была передана необходимая одежда и современное оборудование.

— Каждый ваш день полон опасностей. Благодарю вас за добросовестную службу. Представители государственной противопожарной службы с честью выполняют задачи по ликвидации и предупреждению чрезвычайных ситуаций. При этом со стороны государства ведется работа по обеспечению их материально-техническим оснащением. Уверен, что новая техника будет способствовать качественному выполнению ваших служебных обязанностей. Вы вносите большой вклад в обеспечение безопасности населения, — сказал аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды.

В настоящее время в ДЧС Туркестанской области имеются 175 единиц пожарной техники, из них 94 – это основные пожарные автомобили. Есть также 14 специальных и 67 вспомогательных автомобилей. За последние пять лет на укрепление материальной базы департамента за счет бюджета было приобретено 67 единиц техники. На укрепление материально-технической базы департамента из областного бюджета было выделено 3 млрд 537 млн тенге.

В этом году за счет финансового лизинга АО «Фонд развития промышленности» приобретено 25 единиц пожарной техники за счет местного бюджета и одна единица командно-штабного автотранспорта за счет республиканского бюджета. Новая спасательная техника поможет оперативно реагировать на чрезвычайные ситуации, успешно ликвидировать пожары и спасать жизни граждан.

В дальнейшем спецтехникой будут обеспечены не только пожарные подразделения, но и профессиональные спасательные службы.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *