АймақЖаңалықтарРуханият

ТҮРКІСТАН: «ҚЫЛУЕТТІҢ» ІШІ ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕ ЖАСАЛАДЫ

500 орындық заманауи мешіттен және медреседен тұратын «Қылует» рухани орталығының ішкі дизайны да ерекше болмақ. Теңдесі жоқ бірегей жобаның құрылыс сапасы – басты назарда. Құрылыстың бірінші кезеңі аяқталған. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның құрылысы бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Жер асты мешітінің ішкі инфрақұрылымы тартылған. Қасбеті ақ мәрмәрмен қапталады. Бүгінде ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарына күш салынған. Оның сәулеттік келбеті мен безендірілуі негізгі классикалық қалыпты сақтай отырып, ерекше жаңа стилде жасалған. Мешітке қазақтың бай ою-өрнектері қолданылған.

Басқосуда 4 мың шаршы метрден асатын мешіт аумағын абаттандыру жұмыстары талқыланды. Мешіттің құрылысы бойынша дін өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ескерілуде.

Айта кетейік, бұл орталық толығымен демеушілердің қаржысымен тұрғызылуда. Жалпы мешіттің құрылысына еліміз бен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасап отыр. Діни ғимарат 1 гектарға жуық аумақта орналасқан. Рухани орталықтың көлемі 3 мың шаршы метрге жуық. Жерасты мешітінің қасынан қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе орналасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: ИНТЕРЬЕР «КЫЛУЕТА» ВЫПОЛНЕН В ОСОБОМ СТИЛЕ

У духовного центра «Кылует», состоящего из современной мечети на 500 мест и медресе, будет уникальный дизайн. Качество строительства проекта — в центре внимания. Первый этап строительства завершен. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды дал поручения ответственным руководителям отрасли по строительству уникального объекта особого значения.

Проведена внутренняя инфраструктура подземной мечети. Фасад облицован белым мрамором. Сегодня ведутся работы по внутренней и внешней отделке объекта. Его архитектурный облик и отделка выполнены в уникальном новом стиле, сохраняя при этом основную классическую форму. Мечеть украшена казахскими орнаментами.

На встрече были обсуждены работы по благоустройству территории мечети площадью более 4000 квадратных метров. Принимаются во внимание рекомендации представителей духовенства по строительству мечети.

Отметим, этот центр строится полностью на средства спонсоров. Строительство мечети спонсируют известные бизнесмены страны и тюркского мира.

Религиозное здание расположено на площади около 1 гектара. Площадь духовного центра составляет около 3 тысяч квадратных метров. Рядом с подземной мечетью находится медресе, где будут готовить ученых-религиоведов.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВ ТУРНИРІНІҢ «ТҮЙЕ БАЛУАНЫ» АТАНДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ШАРУАЛАРҒА МОЛ ӨНІМ АЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *