Кейінгі жас ұрпағына келелі мұра, болашағына бағдар берер, үлгі мен өнеге, тәрбие көзіне айналып, ақыл-кеңесімен сусындатар қариялармыз – еліміздің қазынасы. Өткен мен бүгінді байланыстырушы ақылшы, даналықтың алтын кілті – кешегі дүниені дүр сілкіндірген батыр бабаларымыздың жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. “Қариясы бар үй, қазыналы үй” деген сөздің дәлеліндей кейінгі жас ұрпаққа өмірі өнегелі, әр үйдің берекесі мен мерекесі, есігіміздің ажарын кіргізіп тұратын «көненің көзі, асылдың сынығы» болған бүгінгі данагөйлер баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Кезінде пайғамбарымыз Мұхамед (ғ.с) өзінің бір хадисінде «Қариясын сыйлап, оларды қазына әрі тарих» деп төріне шығарған елдің озары анық дегеніндей бізде озатын елдің қатарынан болайық ағайын!
Comments