АймақӘлеуметБизнес

ҚҰС ӨСІР ДЕ, ТАБЫС ТАП!

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Айжан Коспаева тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстарын осылай бастады. Маманның айтуынша құс бақсаң ұтылмайсың. Құс өсіруге біздің климатта ыңғайлы. Әрі тез көбейеді. Еті мен жұмыртқасы жоғары сұранысқа ие.
Өңірімізде соңғы 20-30 жылдың бедерінде алға баспай қойған саланың бірі – құс шаруашылығы болып тұр. Қазір таңда облысқа құс еті мен жұмыртқа сырттан тасымалданады. Сырттан келетін өнім сәл іркілсе, базар мен дүкен бағасы аспандап шыға келетініне халық үйренген. Соған сәйкес, бүгінде Түркістан облысы көлемінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашу және дамыту мақсатында мемлекет тарапынан 2,5 пайыз мөлшерде несие берілуде. Облыс көлемінде құс басының күн-күнге төмендеуіне байланысты аталған бағдарламаның 3 бағытында «Құс шаруашылығы» қаралған. Мақсат сол салаға ауыл тұрғындарын қызықтыру. Өз кәсіптерін ашуға қолдау көрсету.
Елімізде импортқа тәуелді азық-түлік түрінің бірі құс еті. Оның 56 пайызын сырттан тасымалданады. Облыс бойынша халық санына шаққанда 1 адам жылдық норма 243 дана қажет етсе, оның 108 данасы ғана жетіп отыр. Құстардың жылына 300 рет жұмыртқалайтын ломан және леггорн тұқымды түрлері бар. Шаруа бастаймын деген кәсіркердің таңдауына байланысты. Тауық бағуға да тиянақты дайындық керектігін ескерген жөн. Құстың қай түрі болмасын 8-9 ай ғана өнімді жақсы береді.
Жер жүзіндегі халық саны жедел өсіп жатыр. Осыған байланысты алда адамзаттың етке сұранысын мал шаруашылығы өтей алмайды. Бұл тарапта құс шаруашылығы әлдеқайда тиімді. Баққан малдың пайдасын көру үшін кемінде бір жыл жұмсайды. Құстың өсімділігі одан әлдеқайда тез. Мысалы, бройлер тауықты 40-50 күнде сойып, 2-3 кг ет алуға болады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын түсіндіруші жұмысшы топ бүгін тұрғындарға осы бағытты кеңінен насихаттады. Жиынға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, Сауран ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі және «Ырыс» микрокредит ұйымының мамандары қатысты.

«ДАМУ» ҚОРЫ КЕПІЛДІГІН АЛУ МҮМКІНДІГІ!

Алдыңғы

БАСТЫ МАҚСАТ АУЫЛДЫ ДАМЫТЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *