«Ауыл аманаты» пилоттық жобасының VI бағытын түсіндіру және жылыжай шаруашылығының қысқы жылыту маусымына дайындығы бойынша Жарты төбе, Жібек жолы, Құркелес, Қызылжар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті.
Жобаның негізгі мақсаты –ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Кездесуде «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры С.Құрбанов және ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов ауылдық округ тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты бойынша ауданда іске асыруға болатын жобалар туралы ақпараттар берілді.
Comments