АймақБизнес

ГРАНТ ҚАРАЖАТЫМЕН КӘСІП БАСТАҒАН

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттен қолдау тауып, кәсіп бастаған Қабланбек ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы ана Н.Дәуренбекованың жұмысымен танысты.
Көпбалалы ана Н.Дәуренбекова мемлекеттік грант қаражатына қажетті құрал жабдықтар алып, кондитерлік істі бастаған.
-Бастысы жаңа істі бастаудан қорықпау керек. Мың шақырымдық жол, бірінші қадамнан басталады демекші, мен де осы ісімді бастап, тәуекелге бел будым. Көпшіліктің көңілінен шықса, өндірісті кеңейту де жоспарда бар, -деп өз пікірін жеткізді кәсіпкер.
Жас кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі ауданда жеке кәсіпкерлер санының артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы екендігін айтып, жас кәсіпкердің бастаған ісіне сәттілік, атқарып жатқан еңбегіне береке тіледі.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынш 400 АЕК көлеміндегі грантқа кімдер үміткер бола алады? Оқу курсына қалай қатысуға болады?
— «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз қаржыға — бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған немесе «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар үміткерлер болып табылады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу дегеніміз– әртүрлі мамандыққа, мысалы: шаштараз, аспазшы, жихаз құрастырушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға қысқа мерзімді курстардан өту. Бұл оқу операторы – жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары. «Бастау Бизнес» жобасы бойыншакәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы базасында өтеді.
— Грантты алу үшін қайда, қандай құжат тапсыру керек?
— Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер бағдарламаға қатысушы (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу үшін тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
4) кәсіпкердің бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі;
6) тұратын тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы).
— Бұл қаржыны қандай мақсатқа қолдану керек?
— Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты — қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады. Гранттар — тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
— Гранттық қаржыны мақсатты пайдаланбаған жағдайда не болады?
— Мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті Кәсіпкерлер палатасы жүргізеді. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды. Кәсіпкерлер палатасы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызмет көрсетуге (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) жәрдемдеседі. Грант иегері мониторинг барысында грант қаражаттары мақсатыз пайдаланылып, басқа бағытта жұмсалғаны анықталса, бағдарлама талаптарына сәйкес ол жөнінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант қаражаттарын қайтару бойынша тиісті шешім қабылдау үшін жолданады. Өз кезегінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант қаражаттарын бюджетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарады.
— Қайтарымсыз қаржы алуға үміткерлер жобасын қарайтын комиссия құрамына кімдер енеді?
— Кәсіпкерлер палатасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен құрамы кемінде 5 адамнан тұратын комиссияны құрады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жергілікті атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері комиссияның төрағасы бола алмайды. Комиссияның хатшысы комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстар өткізілетін орынды, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жиын өтті 

Алдыңғы

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАНДАР КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *