АймақБизнес

«ДАМУ» ҚОРЫ КЕПІЛДІГІН АЛУ МҮМКІНДІГІ!

Бүгінгі күні банктер кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатыса бастады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының негізгі операторларының бірі болып табылады.
Кәсіпкерлікті қолдаудың танымал бағдарламаларының бірі – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы», оның аясында «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қолдаудың екі түрін ұсынады: субсидиялау және кепілдік беру.
Ұлттық жоба бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау – субсидиялар арқылы жобалық қаржыландыруды ала алады. Несиенің максималды сомасы және мемлекеттік субсидиялар мөлшері жобаның орналасқан жеріне байланысты.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін кәсіпкерлер банкке несие рәсімдеу керек, содан кейін несиенің мақұлдауын алғаннан кейін «Даму» Қорына өтінішпен жүгінеді.
Кепілзат жетпегенде мемлекеттің кепілдігін алудың негізгі критерийлері:
«Даму» Қорының кепілдігін іс бастаушы және бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлер мынадай шарттар бойынша ала алады:
Несие сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 млн теңгеден, бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлер үшін несие сомасы 1 млрд теңгеден аспайды.
Несие қаражаты инвестиция, айналым қаражатын толықтыру немесе қолдағы қарызды қайта қаржыландыруға жұмсалуы тиіс.
Бизнес-жоба экономиканың басымдық берілген салаларының біріне жатады. Бұл талап республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тіркелген кәсіпкерлерге қатысты. Елді мекендерде, оның ішінде моно, шағын қалаларда, ауылдық жерлерде жүзеге асатын жобалар үшін салаға шектеу жоқ.
Жобаның бизнес-жоспары несиені ескере отырып, қаржылық-экономикалық жағынан тиімді болуы шарт.
Борышкердің несиеге өтінім берген кезінде несие тарихы бұзылмаған, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегі болмағаны дұрыс.
Ол үшін елдің қай өңірінде отырғаныңыз маңызды емес. Цифрлық қолтаңба кілтіңіз бен интернет болса жеткілікті. «Даму» Қорының қолдау құралдарын Online.Damu.kz порталына кіріп тауып аласыз.
«Даму» Қорының кепілдік беру бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты Қордың damu.kz сайтынан таба аласыз.
Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Түркістан қ., Жаңа қала мөлт.ауд., 28 көш., 5 ғим. Тел. +7 (7252) 99-70-49 алуға болады.

ТҮРКІСТАН: САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ҚҰС ӨСІР ДЕ, ТАБЫС ТАП!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *