АймақБизнес

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ІV-БАҒЫТ «БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының тапсырмасына сәйкес, «АУЫЛ АМАНАТЫ» бағдарламасының ІV-бағыты Балық шаруашылығын дамыту бойынша балық шаруашылығы саласымен айналысатын немесе айналысуға ниетті кәсіпкерлер мен шаруаларға жеңілдетілген несие беру мәселесіне қатысты аудан, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы екі топтан тұратын жұмысшы топ бекітілген.
Жұмысшы топ жетекшісі ретінде Сауран, Отырар, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Шардара аудандары мен Арыс, Кентау қалаларының тұрғындарымен кездесіп «Ауыл аманаты» жобасының аясында берілетін жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиені алуға қатысты жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Түсіндірме жұмыстары барысында балық шаруашылығын ашу кезінде кететін шығындар мен қажетті құрал жабдықтар, балық азығын дайындау мен сатып алу, субсидиялау мәселесіне қатысты, сондай-ақ несие алу кезіндегі туындайтын кедергілерге қатысты сөз қозғалып, жергілікті “Ырыс” микроқаржы ұйымының өкілдерімен бірге талқыланып, хаттамаға түсірілді.

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛІК БОЙЫНША БІЛІМ ЖЕТІЛДІРДІ

Алдыңғы

«БАСТАУ-БИЗНЕС» ГРАНТ ИЕГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *