Кентау қаласының жастарымен «Бастау-бизнес» жобасы аясында қайтарымсыз грант алып, өз кәсібімен жұмыс жасап жатқан жас кәсіпкермен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында жастарға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы, жүйелі жұмыс жасауға болатындығын атап өтті.
«Бизнес бастау» жобасы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Ал «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздықты азайту және монополист компанияларға бәсекелестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету мақсатында ұйымдастырылып отыр. «Бизнес Бастау» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. Жобаға тіркелу басталды. Оқу барысын онлайн өтетін болғандықтан қатысушыларға шәкіртақы төленбейді. Оқу ұзақтығы 21 күн. Қатысушы оқу барысында жоба дайындап, қорғап шықса 555 600 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Осы орайда, жобаның маңызды тұсына тоқталғым келеді. Бөлініп жатқан қаражат – кәсіп бастауға берілетін мүмкіндік. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсіпті дамытуға тырысу керек. Бүгінгі таңда біздің ішетін тамақтарымыз, киетін киіміміз, сатып алып жатқан әр техникамыздың бәрі — импорт. Біздің ел, біздің мемлекет шикізат көзіне айналып кеткен. Басқа мемлекеттер шикізатты бізден сатып алып, өңдеп өзімізге қайта сатуда. Одан мемлекетіміздің экономикасы өспейді. Біз тек басқа мемлекеттердің табысын арттырып жатырмыз. Сондықтан елдімізде шикізатты өзіміз өңдемейінше алға жылжымаймыз. «Бастау Бизнес» бағдарламасының аты айтып тұрғандай кәсіпті бастауға арналған жоба. Оқу барысында жақсы жобамен көзге түскен, жобаны сәтті қорғап шыққан қатысушыларға берілетін сертификатпен қатар ары қарай 2-5 миллионға дейін қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі беріледі.
— Жобаға кімдер қатыса алады?
Жобаға нақты жұмыссыз жүрген азаматтар қатыса алады. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Бюджеттік салада қызмет ететін мамандар бұл жобаға қатыса алмайды. Жобаға жұмыссыздар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметкерлердің жекелеген санаттары қатыса алады, соның ішінде:
— ауылдық жер, қалалар, сондай-ақ моно және шағын қалалардың тұрғындары;
— мүмкіңдігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытындыға сәйкес, олардың денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі жасамаса немесе денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;
— зейнет демалысына дейінгі 50 жастан асқан адамдар;
— жастар, соның ішінде NEET (жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын) санатындағы қыз-жігіттер;
— аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері;
— қоныс аударғандар мен қандастар;
— кәсіпті жаңадан бастаушылар (3 жылға дейін) және белсенді кәсіпкерлер
Жұмыссыз немесе ИП ашылған уақыты 3 жылға толмаса, грантқа жоба ұсына аласыз. Ал егер әлеуметтік осал топқа жатсаңыз, бірден грантқа жоба ұсынуға болады. Бірақ сертификат берілмейді. Сертификат берілмеген жағдайда 2-5 миллион аралығында берілетін грантқа қатыса алмайсыз.
— Өтінімдерді қалай жіберуге болады?
Жұмыспен қамту орталығына барып жолдама аласыз. Статус тексеру арқылы сізге жолдама беріледі. Сол жолдамамен
1.http://atameken.co/en/course-bastau сілтемесі арқылы сайтқа кіресіз
2. «Бастау Бизнес» онлайн курсын таңдаңыз
3.Оқыту барысына кіріспес бұрын курс құрылымымен, бизнес жоспарды тапсыру ережелері мен мерзімдерімен танысып шығыңыз. Курс барысы бейне сабақтардан, 12 презентациялық модульдерден, әр сабақтың қысқаша мазмұнынан, тапсырмалардан, бірнеше бизнес жоспардан тұрады
4. Сіздің экраныңызда «өтінім беру» функциясы бар, соны таңдаңыз
5. Экранда оқыту шарттары шығады
Comments