Аймақ

АУДАНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 22 АЗАМАТ 94,0 МЛН ТЕҢГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Биылдан бастап Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие берілуде.
Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша Созақ және Құмкент ауылдық округтерінен 70 азамат құжат тапсырып үлгерді. Оның ішінде 53 азаматтаң құжаты 227,250 млн. теңгеге мақұлданып, 22 азамат 94,0 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында бүгін Созақ ауылдық округінде шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың қатысуымен жиын өтті. Онда жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, несиенің алу жолдары толықтай түсіндірілді.
Бұған дейін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков кәсіпкерлікті дамытуға арналған пилоттық жобаны ұтымды пайдалану бойынша сала орынбасары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті назарда ұстауда. Қазіргі таңда «Ауыл Аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды. Кооперативтер құрылып, кооператив мүшелері тіркелуде.

«Бастау-бизнес» жобасы аясында қайтарымсыз грант алып, өз кәсібімен жұмыс жасап жатқан жас кәсіпкермен кездесу болып өтті. 

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БОЙЫНША 142 ЖАСТЫҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *