АймақБизнес

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ АЛТЫНШЫ БАҒЫТЫ, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗ КӘСІБІН АШУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

2023 жылдың 2 тамыз күні Қазығұрт аудандық орталық «Мәдениет» үйінде «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағытын яғни, тұрғындардың өз кәсібін ашу түсіндіру мақсатында кездесу жиналысы өтті, деп хабарлайды MUZBALAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Жиналысқа «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры С.Құрбанов, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Б.Құралбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Б.Өсербаев, салалық мекеме өкілдері мен Шарбұлақ, Шанақ, Қызылқия және Қақпақ ауылы округтерінің тұрғындары қатысты.
Яғни, жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту болып табылады. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру.
Бүгінде табыстың тетігі кәсіпте екенін жақсы түсінді. Иә, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып, кәсіппен айналысқысы келетін азаматтардың қатары едәуір артқан. Кәсіп бастау үшін мемлекеттен қолдау да көп, тек ынта болса жеткілікті. Осы орайда кәсіппен шұғылданғысы келетін ауыл тұрғындарына «Amanat» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосты. Бұл – Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Аталған жобаның ауданымызда іске асырылу барысымен танысу және өзге де бірқатар сауалдарға жауап алынды.
Негізінен «Ауыл аманаты» жо­басы бойынша қаржыландыру бес бағытта жүргізіледі деп жоспар­лануда. Бірінші өңдеу саласына қатысты жоба­лар, мы­салы, жылы­жайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы, екін­ші өсімдік шаруашылығын дамы­ту, үшін­ші ауыл шаруашылығы коопе­рат­ив­терін жабдықтау, төртінші мал ша­­руа­шылығын дамыту бойын­ша және басқа да бағыттағы биз­нес жо­балар болып табылады.
Жобаға қатысуға кез келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ес­керіле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал ша­руашылығын қолға алғыңыз келсе, 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз 5 жылға дейін беріледі. Тек бір шар­ты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз. Сон­дай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тір­келуі, несие тарихы дұрыс болуы міндетті.
Бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы ең алдымен халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ эконо­миканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұ­мыспен қамтуға бағытталғандықтан ауыл тұрғындарының жоба игілігін көруге бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз. Осы орайда бүгін­де ауданда құрылған жұмысшы топ арқылы ауылдарды аралау жұмыс­тары жүргізіліп, бағдарламаның мақ­­сат-мүддесін халыққа кеңінен тү­сін­­діру мақсатында ақпараттық ба­ғытында іс-шаралар атқарылуда.
Жиналыс барысында кәсіпкерлер, тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИІМ ТІГЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТАЗАРТҚЫШ ИМАРАТТАРЫ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *