Аймақ

БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Аудан аумағындағы кәсіпкерлікті және инвесторларды дамытудағы негізгі проблемалық мәселелерді анықтау, коммуникациялар мен қаржыға қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер мен қолдауды алу кезіндегі әкімшілік кедергілерді, сондай-ақ бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерінің сақталуы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – аудан кәсіпкерлерінің мәселелерімен танысу, оны талқылау және шешу жолдарын қарастыру.
Аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Ендібаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Маржан Мұсаева, дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау бағытында атқарған жұмыстары, жергілікті атқарушы органдардың бизнеске қолдау көрсетудегі мәселелері талқыланды.

Түркістан облысына іссапармен ҚР ІІМ Алматы академиясының мамандары келді

Алдыңғы

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *