АймақБизнес

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫҒЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ

ЖОЛДАУ ХАТ
«Ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру» курсының оқыту бағдарламасы әртүрлі санаттағы азаматтарға арналған:
1. Қарыздар бойынша берешегі бар және борышкерлер тізілімінде тұрған адамдар;
2. Ағымдағы несиелері бар және олар бойынша кешіктіруі мүмкін адамдар;
3. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, жеңілдетілген несие алатын және жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Оқыту курсының нәтижелері бойынша қатысушы мыналарды біледі⤵️
-қаржылық мәселелердің қалыптасу себептері туралы;
-ағымдағы несиелердің санын қалай азайтуға болады;
-несиелер бойынша қарыз сомасын қадамдар мен әрекеттер арқылы барынша азайтуды үйренеді;
-банктер алдындағы бар қарыздарын өтеу мақсатында бос қолма-қол ақшаның өсуімен өз қаржысын басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйрену;
-қаржың басқаруды үйрену, отбасылық бюджет;
-несиелерді міндетті түрде өтеуге саналы жауапкершілік қалыптасады;
-несиелерді қайта қаржыландыру арқылы мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шаралары туралы хабардар болады;
-заңға сәйкес жеке тұлғаның банкроттығы туралы ақпарат алуға;
-алаяқтық әрекеттер мен алаяқтық түрлерін тануды үйрену;
-қаржылық пирамидалар және т.б. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер компанияның бюджетін қалыптастыру туралы ақпарат алады;
-салық есептілігі;
-қаржылық басқару және қолданыстағы бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру шарттары.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру.

Тренинг нәтижесінде қатысушы БІЛЕДІ❗️
1. Қаржылық сауаттылықтың негізгі түсініктерін. Қарыздар мен несиелердің пайда болу себептерін.
2. Отбасы бюджетін қалыптастыру жолдарын, оны жоспарлау мен бөлудің негізгі алгоритмдерін.
3. Несие алу ережелері және несиені қайтару процесінде проблемалардың туындау қаупін азайту үшін несие қабілеттілігін анықтау.
4. Қаржы пирамидалары мен алаяқтардың тұзағына қалай түспеу керек.
5. Жеке тұлғалар мен кәсіпорындар үшін қаржылық жоспарлау.
6. Бизнес жобаларды қаржыландыру көздері.
7. Жеке тұлғалар үшін БАНКРОТТЫҚ тәртібі
ҚОЛДАНАДЫ:
1. Жеке және отбасылық бюджетті құруды, тауарлық несиесіз тауарлар мен қызметтерді алу мүмкіндіктерін, несиелер мен қарыздардың тұзағына түспеуді.
2. Несие нарығын талдап, дұрыс және тиімді шешім қабылдау үшін несиелеу шарттарын түсіне білу.
3. Қаржылық инвестициялық құралдарды жалған компаниялардың алаяқтық әрекеттерінен ажырата білу.
4. Жеке тұлғалардың банкроттық жағдайында өз құқықтарын қорғай білу.
5. Бизнес-жобалардың табыстылығын анықтау үшін қаржылық есептерді жасау, қаржылық тәуекелдерді талдау, қаржылық «қауіпсіздік жастықшасын» қалыптастыру.
Ең бастысы, олар отбасының әл-ауқатын жақсартуға қажетті қаржылық сауаттылық саласындағы құзыреттерді арттыру.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру – халық қамы

Алдыңғы

БОРЫШКЕРЛЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *