Жаңалықтар

ЖҮЙНЕК ТҰРҒЫНДАРЫНА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОБАСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Өздеріңіз білетіндей «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
2023 жылдың 12 маусымынан бастап 16 маусым аралығында Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде оқу ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ ‘ әлеуметтік жобасы аясында, «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» бағдарламасы бойынша 5 күндік курсын аяқтаған Жүйнек ауылының 70 тен астам ауыл тұрғындарына арнайы сертификаттар табысталды. Сертификаттарды “AMANAT”партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, қаржы сарапшысы Ж.Әзімбай тапсырып, ауыл тұрғындарына сәттілік тіледі.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар оқытылды:
1. Несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар
2. Дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар
3. Жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Жобаға қатысушылар
өз қаражатын тиімді басқаруды үйреніп, өмірлік тәжірибе ретінде іске асыратындығын жеткізді.
«Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы Жандос Бекенұлына семинарды ерекше тәсілдермен жоғары деңгейде өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Алдыңғы

Президент жер дауына нүкте қойды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *