Жаңалықтар

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТАНДЫРУ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы мен «Халық Банкі» АҚ-мен қолға алған «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы жалғасуда. Бүгін Сайрам ауданы, Көлкент және Арыс ауылдарында өткен оқу семинары өз мәресіне жетті. Пилоттық жобаға 150-ден аса жуық ауыл тұрғындары қатысты. Оқу семинарын сәтті аяқтаған тұрғындарға ауыл әкімі мен бірге сарапшылар-Ченгельбаева Мақпал, Сағынғали Сая сертификат табыс етті.
Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді.
СЕМИНАРҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ.
1. Ағымдағы кредиті бар төлеу алмай қалу ықтымалдығы бар адамдар;
2. Несиесі төленбей қалып қойған бірнеше жыл болған жеке тұлғалар;
3. Табыс көзінен айырылған ай сайынғы несиесін төлеу қабілеттілігін жоғалтып төлем қабілеттігін қалпына келтіргісі келетін жеке тұлғалар;
4. 1600 АЕК жоғары немесе 5 млн теңге осындай қарызы бар сот арқылы банкрот таңылғысы келетіндер;
5. Бастау бизнес жобасына қатысып Бизнес пландарының кемшіліктеріне байланысты қайтарлыған немесе қалай тіркелуді, оқуды білмейтіндерге зерттеу, талдау, жазуға бағыт бағдар беру;
6. Салық есептіліктерін тапсыру жолдарын үйрету, т.б.;
7. Алаяқтық схемалар жәңе қарды пирамидалар туралы;
8. Мемлекеттік қолдаудың жеңілдіктері, Ауыл аманаты жобасы туралы. (гранттар қаржыландыру кепілдіктер) туралы қамтылатын болады;
Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады. Кез – келген оқуға ниет білдірушінің жобаға қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін тұрғылықты жерде орналасқан «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласып тіркелуі қажет.

Кәсіпкер өзіне тиесілі жер телімін ұзақ уақыт бойы тіркете алмаған

Алдыңғы

Комиссия отырысында жер қатынастары саласында анықталған заңбұзушылықтар талқыланды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *