Дана халқымыз “Ұлық болсаң – кішік бол” деп, ел билеген патшасынан бастап әкіміне дейін халық алдында кішіреюді талап еткен ғой бағзы заманнан. Қаншалықты атақты, даңқты болсаң да қызметпен – атақ қолдың кірі, бүгін бар, ертең жоқ, менменсінбей ел алдында кішіпейілділік пен қарапайымдылық қағидасын ұстанып, алдына базынасын айтып келген қаймана халыққа құрметпен қарап қолынан келсе көмектесіп, əрдайым қарапайым бола білу керек деген.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші жастайынан еліне силы болған, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтып кеткендей Алланың берген бар өмірін балаларға арнап ұстаздық қылған марқұм анасы Самиға апайдың тәрбиесін алған жүрегі кең, елінің ертеңіне бей — жай қарай алмайтын азамат Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы әкімі лауазымына үміткер Құсайынов Фархат бүгін аудан орталығын аралап халықпен жүздесіп өзінің сайлауалды бағдарламасынан елді құлағдар етті. Тағы бір айта кетер жайт, елмен жүздесу барысында кей көшелер бойынан шашылып жатқан қоқыстарды көріп, көңіл қынжылтар көрініске куә болдық өкінішке орай.
Сөз соңында айтпағым қазақта «Көш жүре түзеледі» деген бар, әлі біз куә болған көріністер нақты жұмыстар атқарылып жойылар, ол үшін сол кемшіліктерді жоя білетін, елдің арасынан шыққан елдің азаматын алдағы 25 маусым күні дұрыс таңдау жасап сайлау керек құрметті Үштөбелік ағайын. Президентініміз өз жолдауымен бастаған «Жаңа Қазақстан» келу үшін сайлауда қаламызға жаңашылдықты әкеле алатын, әкім лауазымына нағыз лайықты кандидат Фархат Құсайыновқа дауыс берейік..
Comments