ЖаңалықтарҚоғамРуханиятСаясат

НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Арыс қаласында түйе сүтін өңдейтін «ARUANA» зауыты іске қосылды. Зауыт түйе сүтін өңдеп, одан құрғақ сүт дайындап шығарады.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова өңір үшін маңызы зор кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысып, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі.

– Қаламызға инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда. Аталған зауыт жаңа жұмыс орындарының ашылуына, Арыстың дамуына өз үлесін қосады. Арысқа келіп, инвестиция салып жатқан азаматтарға біз қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, – деді Гүлжан Құрманбекова.

Зауыт жылына 70 тоннадан астам түйе сүтінің құрғақ қоспасын өндіруге қауқарлы. Жалпы құны – 250 млн теңге. Зауытта қазіргі таңда 15 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, алыс-жақын шет елдерге экспортталатын болады.

«King Milk» ЖШС-нің директоры Ербол Әнуарбекұлы қолға алынған жобаны таныстырып өтті.
– Жаңа жұмыс орындарынан бөлек, отандық шипалы өнімді шетелге экспорттауға мүмкіндік туып отыр. Ал құрғақ күйдегі түйе сүтінің өзі көптеген дертке дауа, емге шипа, – дейді кәсіпкер.

Кәсіпорын жаңа жұмыс орындары ашылуына, қала бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың өсуіне, шаруа қожалықтарының сүт өндіру көлемінің өсуіне, бұдан басқа, ауылдық округтерде жаңа сүт фермаларының пайда болуына септігін тигізбек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 61 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ САЙЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *