Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ОРАЙ «ДАҢҚ» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Облыс орталығындағы Нәзір Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебінде Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай «Даңқ» залының лентасы қиылды. Ардагерлерге тағзым залының аталған білім ошағынан ашылуы өзіндік мән-мағынаға ие. Себебі осы мектептің 8 түлегі сұрапыл соғысқа аттанған қан майданның куәгерлері.
«Кеңес әскерінің қатарында біздер интернационалдық борышымызды өтеп қайттық. Ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін. Егеменді еліміздің туы биікте желбіресін. Түркістанда ардагерлердің ұйымын ашқанымызға 24 жыл болды. Осы жылдар аралығында қаладағы университет, колледж студенттерімен кездестік. Мектеп оқушыларымен жүздесіп, әр мектепке барып патриоттық тәрбие сағатын өткізіп жатырмыз», — деді «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов.


Оқу ордасының оқушыларымен жүздескен майдангерлер батырлық – соғысқа барумен өлшенбейтіндігін айтты. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың сөзінше, аға буынның ақылы оқушыларға жігер беріп мәңгілік кеудесінде жаңғырып тұрар өмірлік азық болары анық.
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Жалпы Түркістан облысынан (бұрынғы ОҚО) 870-ке жуық сарбаз майданға аттанған. Қазір рухани астанада 10 жылға созылған соғысқа қатысқан 139 ардагер тұрады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

Алдыңғы

Миллиондаған шығынға батқан кәсіпкерлерге мемлекеттік орган тиісті жерін беруге кедергі келтіріп отыр

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *