Қаратау ауданы аумағында ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 18, оның ішінде кестемен қамтылғаны – 2, тәулік бойы – 15, тасымалды – 1.
Жалпы аудан аумағында 2021-2022 ж.ж. 4 елді мекен Асар-2 ш/а (1-кезек), Достық ш/а, Тассай т/а, Тұран ш/а ауыз сумен қамтамасыз етілмек.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы Сайрам мен Қызылсу тұрғын алаптарын ауыз сумен қамтудың І және ІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал ІІІ кезең бойынша жауапты мердігер мекеме анықталуда.
Аталған елді мекендердегі ауыз су құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.
Сондай-ақ Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту үшін жасалған жобалық-сметалық құжат дайын. ЖСҚ наурыз айында өтетін бюджетті нақтылау отырысына ұсынылады.
Жоспарға сәйкес 2023 жылдың соңына дейін Қаратау ауданы аумағындағы барлық елді мекен сапалы ауыз сумен 100% қамтылатын болады.
“Шымкент келбеті”
Comments