Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 12 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында 897 білім беру мекемесі бар. Онда 399 598 тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда білім нысандарының саны 84-ке артқан.

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық Білім басқармасының басшасы Жанат Тәжиева өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша әкімге есеп беруі кезінде баяндады.

Жыл қорытындысын жасаған Ж.Арысбекқызы білім саласы Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы, «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламаларында белгіленген 38 индикаторлық көрсеткіштердің толығымен орындалғанын баяндап өтті.

Негізгі көрсеткіштерді білім беру ұйымдарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, 1-4 сынып оқушыларын және аз қамтылған отбасы балаларын бір реттік ыстық тамақпен қамту жұмыстары құрап отыр. «Күнделік.кз» электронды журналын жүргізуде де Шымкент республикада көш бастап тұрғаны айтылды.

Есеп барысында Мемлекет басшысының 19 тапсырмасын, мемлекеттік бағдарламалардың – 33 индикаторын орындау бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Атап айтсақ, 2023 жылы 4 000 орынға арналған 30 балабақша іске қосылса, «Жайлы мектеп» жобасы аясында қуаттылығы 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.

Мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 141 кабинет және 299 дана жабдықталған интерактивті панельдер алынып, заманауи мектеп кабинеттерін ашу үлесі 72%-дан 85%-ға артатын болады. Одан бөлек, мектептерді заманауи стандарттар бойынша жаңғыртуда 8 білім мекемесіне күрделі жөндеу, 21 мекемеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЛА ӘКІМІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУДІ ТАПСЫРДЫ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ХКО-ҒА 250 АДАМ ЖҮГІНДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *