ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күшейтілген режимде күзетуді қамтамасыз етуге бағытталған жедел, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.
2023 жылдың басынан қазақстандық шекара арқылы 1 млрд 390 млн теңгеден астам сомаға халық тұтынатын тауарларды, автомобиль бөлшектерін, темекі бұйымдарын және басқа да тауарларды заңсыз тасымалдаудың 143 фактісінің жолын кесті.
1019 құқық бұзушы ұсталды. Атап айтқанда, Тараз қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен шетел азаматы анықталып, ұсталды. Талдықорған қаласында полиция органдарымен бірге екі қазақстандық ұсталып, олардан 222 ақбөкен мүйізі тәркіленді. Жамбыл облысының Мерке ауылында Қазақстан азаматы ұсталып, оның тұрғылықты жері бойынша 8 кг «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді.«Жаңажол» (СҚО) және «Қордай» (Жамбыл) өткізу пункттерінде 160 млн теңгеден астам сомаға автокөлік бөлшектері мен электрондық темекілерді заңсыз алып өту әрекеттерінің жолы кесілді.
Барлық фактілер бойынша уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде.
Сондай-ақ, өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Өткізу режимін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Астана қаласының әуежайында шекараны кесіп өтетін қазақстандық азаматтарды тексеруді және есепке алуды жүзеге асыратын «Q-Gate» автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесі пайдалануға берілді.
Анықтама:«Q-Gate» шекаралық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі ҚР азаматтарының төлқұжат деректерін тексеруді жүзеге асырады және бұзушылықтар болмаған жағдайда оларды өз дерекқорында автоматты түрде тіркейді. Аталған процедураны ҚР азаматы өз бетімен төлқұжатын «Q-Gate» жүйесіне сканеріне қояды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
О текущей обстановке по охране Государственной границы
Пограничной службой КНБ РК в усиленном режиме проводится комплекс оперативных, организационных и практических мероприятий, направленных на обеспечение охраны Государственной границы.
С начала 2023 года пресечено 143 факта незаконного провоза через казахстанскую границу ТНП, автозапчастей, табачных изделий и других товаров на сумму более 1 млрд 390 млн тенге. Задержано 1 019 правонарушителей.
В частности, в г. Тараз выявлен и задержан иностранный гражданин, подозреваемый в организации канала незаконной миграции.Совместно с органами полиции в г. Талдыкорган задержаны двое казахстанцев, у которых изъято 222 рога сайги.
В с.Мерке Жамбылской области задержан гражданин Казахстана, у которого по месту проживания обнаружено и изъято 8 кг наркотического вещества «гашиш». На пунктах пропуска «Жанажол» (СКО) и «Кордай» (Жамбыл) пресечены попытки незаконного провоза автозапчастей и электронных сигарет на сумму более 160 млн тенге.
По всем фактам уполномоченными органами проводятся досудебные расследования.
Также, осуществляется работа по модернизации пунктов пропуска. В целях улучшения пропускного режима и создания благоприятных условий пассажирам с 16 января 2023 года в аэропорту г.Астаны введена в эксплуатацию автоматизированная система пограничного контроля «Q-Gate», которая осуществляет проверку и учёт казахстанских граждан, пересекающих границу.
Справка: автоматизированная система пограничного контроля «Q-Gate» осуществляет проверку данных паспортов граждан РК и при отсутствии нарушений осуществляет их автоматическую регистрацию в своей базе данных. Для данной процедуры гражданин РК самостоятельно прикладывает свой паспорт на сканер системы «Q-Gate».
Пресс-служба КНБ РК
Comments