Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫН ӨТКІЗУДЕГІ НЕГІЗГІ МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУ  

Ағымдағы жылдың 19 наурызы еліміздің даму жолындағы маңызды даталардың бірі болмақ. Мемлекет Басшысы тарапынан өткен жылы қолға алынған конституциялық реформалар сатылап жүзеге асып келеді.

Алдымен референдумда Ата заңға өзгерістер еңгізу мәселесі шешілді. Артынша Президенттік сайлау өтті. Келесі саты — Сенат депутаттарын сайлау процесі аяқталып, Парламенттің жоғары палатасы да қайта жасақталды. Ендігі кезек — заң шығарушы органның төменгі палатасын қайта жасақтау. Президенттің пәрменіне сай сайлау 19 наурызға белгіленді.

Сайлаулардың арасында ең қызу, ең тартысты сайлау осы Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттығына өтетін сайлау екені даусыз. Бұл жолы да қызық болатын сияқты. Бұған сайлауды өткізу туралы жоспарды Президент мырзаның өткен жылғы Жолдау барысында мәлімдеуі де себеп. Аяқ астынан қабылданған шешім емес, тиянақты зерделеуден кейін қабылданған саяси ұйғарым екені осыдан көрініп тұр.

Сайлау процесіндегі өзгерістер де аз емес. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады.

Ең бастысы халықшыл тұлғалар, елдік мүддені қара басының мүддесінен жоғары қоятын, айтары бар, идеялы азаматтар депутат болып сайланса дейміз.

 

Алишер САТЫВАЛДИЕВ,

Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

ЖАҢА БАСТАМАЛАР — БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Алдыңғы

БҰЛ РЕФОРМАНЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *