Жаңалықтар

ЖАҢА БАСТАМАЛАР — БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетін болды. Президент бұл сайлауға елді белсене қатысуға шақырды.

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Мен баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға шақырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Кезектен тыс парламенттік сайлауды жариялау Мемлекет басшысының мемлекеттік жүйені институционалдық жаңғыртуға бағытталған дәйекті саясатын көрсетеді. Барлық негізгі саяси институттардың жаңаруы қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатын сапалы түрде өзгертетін шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Алдағы сайлау саяси инклюзивтілікпен ерекшеленетін болады. Өйткені, сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың кемінде 30 пайызы ұсынылуы тиіс.

Біз алдағы уақытта Парламент төрінен жаңа есімдерді көретініміз ақиқат. Жаңа Қазақстан – жаңа адамдармен, жаңа жүйемен іске асады. Алдағы сайлауда мәжіліс пен мәслихатқа жекелеген адамдар да өз-өзін ұсынып сайлауға түсе алады.

Бұған дейін тек партиялық тізіммен өткенін ескерсек, бұл да биылғы жаңалықтың бірі. Ендеше алдағы науқанда ел өз үмітін ақтар азаматын жаңылмай таңдар деген сенімдемін.

 

Ғұлама САНЖАР,

Ақын, Түркістан қаласы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

БҰЛ САЙЛАУ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Алдыңғы

ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫН ӨТКІЗУДЕГІ НЕГІЗГІ МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *