Жаңалықтар

УНИВЕРСИАДА-2023: ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ АЛТЫНДЫ ЕНШІЛЕДІ

Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада биатлоншылар 10 шақырымдық спринттен өтті.

Қазақстан атынан Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес және Бекентай Тұрлыбеков қатысты.

Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыт — 27:51,5. Осылайша қазақстандық биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды.

Америкалық Бьорн Вестервельт Тұрлыбековтен 8,3 секундқа қалып, күміс жүлдегер атанды. Қола жүлдені тағы бір қазақстан спортшысы Александр Мухин жеңіп алды.

Нәтижесінде аталған сайыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль алды.

Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес салса, шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанған еді. Осылайша ел құрамасы медальдар кестесінде 6-орында тұр.

Айта кетсек, 12 қаңтарда басталған Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ҚҰМ МЕН ТҰЗ СЕБІЛДІ

Алдыңғы

«ӘРБІР ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАЗА АУЫЗ СУ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *