Келес ауданында Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев мәлімдеді.
Жаңа жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау.
Жоба мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Жаңа жобаның тиімділігі — жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. Орташа несие көлемі 5 млн теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкеркер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
— «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, іске асырылады. Олар кооперация негізінде мал бордақылау алаңдары мен отбасылық сүт фермаларын ашуға, жүнді бағытта қой шаруашылығын дамыту, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, яғни жылына 2,3 өнім алу жобасы сынды бағыттарға несие берілмек, — деді Мадияр Күмісбекұлы.
Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы жобаның тиімділігі бойынша ауылдық елдімекендерде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жергілікті шаруалардың жағдайы едәуір жақсаратынын айтып, бұл бағытта ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments