⚜️Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 20-22 желтоқсан аралығында «Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
⚜️Семинар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің пилоттық жобасы негізінде еліміздің барлық облыстарында өткізілді.
⚜️Семинар жұмысына «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары, Түркістан облыстық КХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері, этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауыл округтері әкімдерінің орынбасарлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
⚜️Семинарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының профессоры, ҚР Терроризмге қарсы орталықтың эксперт-психологы Жұмағұлов Саламат Тәңірбергенұлы, Алматы қаласындағы «Парасат» медиация және құқық орталығының» сарапшысы, кәсіби медиатор Адаев Мұхтар Мұханұлы «Этносаралық шиеленістерді талдау әдістері мен тәсілдері», «Этносаралық шиеленістерді реттеу кезіндегі келіссөздер», «Келіссөздер жүргізу стратегиялары мен тактикасы», «Келіссөздердің негізгі кезеңдері», «Медиативті әңгімелесу құралдары мен әдістері», «Медиация рәсіміндегі сұрақтар техникасы», «Медиативтік кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды дайындау кезеңі» сынды өзекті тақырыптар аясында дәрістер өткізді.
⚜️Семинар-тренинг қатысушылары пікірталас-талқылау, бейне материалды талдау, топтық және жеке жұмыс, бірлескен талқылау, жұптық талқылау форматтары арқылы тәжірбие арттыруға мүмкіндік алды.
⚜️Семинар жұмысын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева қорытындылап, қатысушыларға сертификаттар табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ — нің
Баспасөз қызметі
Comments