ЖаңалықтарҚоғамСаясат

САЙЛАУҒА ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ҚАТЫСТЫҚ

Бүгінгі қоғам белсенділікті талап етеді. Еліміздің ертеңі де осындай елжанды, ұйымшыл, еңбекқор адамдардың қолында. Біз жастардан осыны талап етеміз. Ал, белсенділік дегеніміз не? Ол әрбір іске атсалысу, өзіндік көзқарасын білдіру болып саналады.

Сайлау да сондай маңызды мәселелердің бірі. Сол үшін біздің Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы бұл шараға белсене атсалысты. Сайлау талаптарына сай алдын ала тұрғындармен кездесіп, саяси науқанның еліміз үшін маңыздылығын түсіндіріп, қалың елді бұл шарадан шет қалмауға шақырдық. Соның нәтижесінде біздің облыс тұрғындары белсене қатысты. Тұрғындардың сексен пайыздан астамы өз таңдауларын жасады.

Өзім отбасыммен Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектепте орналасқан 112 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердік. Біздің бұл қадам алдағы жеті жылда атқарылатын жұмыстардың алғышарты деп білеміз. Ел белсенді, ұйымшыл болса алынбайтын қамал жоқ.

Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНҰЛЫ,

Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР, ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Алдыңғы

Баршаңызды құттықтаймын

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *