ҚР азаматтарына берілген мүмкіндіктің бірі сайлауға қатысып, таңдау жасау арқылы мемлекетіміздің өзгеруіне ат салысу. Бүгін, ертеңін ойлайтын әрбір азамат сайлау учаскесіне барып, сайлауға қатысу арқылы Президентті таңдауда.
Келісті келешегімізге нақты қадам жасауға келген жас отбасы Жақсылық Даурен мен Наурызбай Айнұр конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беру арқылы Мемлекет басшысын таңдағанын жасырмады. Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болып табылатынын, сондықтан бұл сайлаудың өзге сайлаулардан маңызы еркеше екендігін де атап өтіп, қазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Comments