ЖаңалықтарҚоғамСаясат

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ МИНИСТРЛІГІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды. Бұл ұсынысты ол Түркістан қаласында өткен сайлауалды кездесуде айтты.

Кандидат атап өткендей, қоғамдағы көп мәселенің түп-тамыры отбасыдан тарайды. Балалардың үлгерімі, тұлға ретінде қалыптасуы, суицид, тұрмыстық зорлық-зомбылық, аналар мен қарияларға қатысты проблемалардың барлығы отбасындағы тәрбиеге барып тіреледі. Қазір отбасы мәселесі түрлі ведомстволардың арасында «шашырап» жүр. Оның айтуынша, отбасы мәселелерімен әлеуметтік қорғау, ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері, әкімдіктер мен өзге де органдар айналысады.

— Отбасы және демография мәселелерімен айналысып жүрген құзыретті ведомстволардың арасында өзара байланыс жоқ. Отбасы институтын бұлайша қолдау мүмкін емес. Отбасы мен отбасы мүшелері бұл министрліктер үшін индикатор ғана. Мысалы, неке тұрақсыздығы еш трагедия емес, базадағы жазбаның өзгеруі ғана. Меморгандардың ешқайсысы азаматтарға «отбасы», «отбасы мүшесі» деген тұтас ұғыммен қарамайды, жекелеген адам ретінде ғана қарайды. Ал бізге ең алдымен отбасы маңызды. Оның тұтастығы, бақытты болуы маңызды, — деді кандидат.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ  

Алдыңғы

САЙЛАУШЫЛАР ӨЗ УЧАСКЕСІН ҚАЛАЙ ТАБА АЛАДЫ?  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *