ҚР Президенті — Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Ибрагимова Мухаббат Сейдахметқызы Қазақстан Республикасында меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатты Түркістан облысына сапары барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы тапсырды.
Мухаббат Сейдахметқызын марапатымен құттықтай отырып, этносаралық бірлік пен татулықты нығайтуға қосқан үлесі еселеніп, еңбегінің жемісті болуын тілейміз!
Comments